Жарияланған күні: 21.09.2022 19:09
Өзгертілген күні: 21.09.2022 19:10

Мемлекеттік кірістер органдарының басты міндеті болып салықтардың және кедеңдік төлемдерді төлеудің толықтығы мен уақытылылығы болып табылады.

Салық кодексінің 494-бабы 3-тармағына сәйкес жеке тұлғалар үшін бюджетке 2021 жылға көлік құралдары салығын төлеу мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірден кешіктірілмейтін күн болып табылады.

Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар көлік құралдарына салық төлеушілер болып табылады, егер жеке тұлға автокөлікті сенімхат бойынша басқарса, онда төлем иесінің ЖСН-де ғана жүргізілуі тиіс. Төлеу тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.

Көлік құралдары салығы бойынша берешек сомасын «Е Салык-Азамат» мобильді қосымшада, сондай-ақ Telegram чат ботында «@SalyqBot» және Қазақстан Республикасы Қаржы минстрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан есептей аласыз. 

Құрметті салық төлеушілер, көлік құралдары салығы бойынша берешек сомасын төлемей, сіз қарызыңызды арттырасыз, өйткені әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі.

Бүгінгі күні Ақмола облысы бойынша көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек 17 мың 493 жеке тұлға бойынша 510 млн.теңгені құрады.

Сонымен қатар, жыл басынан бері Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары Полиция департаментінің қызметкерлерімен және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Осылайша, биылғы жылдың басынан 899 рейдтік іс-шара өткізіліп, онда 5 мың 991 жеке тұлға 128 миллион 403,4 мың теңге төлеген. 
Бұл рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілетін болады. Көлік ақысын төлемеген жағдайда борышкерлердің көлігі «айыппұл тұрағына» қойылады.

      Осыған байланысты, барлық жеке тұлғалардан көлік құралдары салығы бойынша берешегін төлеуді сұраймыз.