Жарияланған күні: 19.07.2019 18:01
Өзгертілген күні: 22.07.2019 16:36

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жұмысының басты және басым бағыты бюджетке түсімдерді ұлғайту бойынша іс-шараларын күшейту болып табылады.

Кәсіпкерлердің табысы күмән келтіргендіктен, бірқатар курорттық аймақ обьектілерінің хронометраждық зерттеуін өткізуін шешілді.

Осылайша, 30 курорттық аймақтың 20 табыстарының бірнеше есеге төмендетілуі анықталды. Мысалы:

  • «А» нысаны 2019 жылдың маусым айына (30 күн) БКМ чектарын шығарып табысы - 582,5 мың теңгені көрсеткен, ал 4 күндік хронометраждық зерртеу барысында табысы - 3 320 мың теңгені құрады;
  •  «Б» нысаны 2019 жылдың маусым айына (30 күн) БКМ чектарын шығарып табысы - 3 320 мың теңгені көрсеткен, ал 4 күндік хронометраждық зерртеу барысында табысы – 6 637 мың теңгені құрады;

 

Хронометраждық зерттеуідің өткізілуі нәтижесінде, «А» азаматымен кәсіпкерлік қызметін жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз атқару фактісі анықталды, ол жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге қойылды.

Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен, хронометраждық зерттеуідің 2 күні ішінде алкогольдік өнімді рұқсат құжаттарсыз (лицензиясыз)  сату бойынша 7 фактісі анықталып, 177 алкогольді өнім бөтелкесі тәркіленді. Әкімшілік материал құрастырылып, бұдан әрі шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Курорттық аймақтарда хронометраждық зерттеу жүргізу барысында бірқатар салық заңдылығын бұзушылықтар анықталды, бұл, кейбір салық төлеушілердің адалсыздығы жайлы айтады.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен, Ақмола облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына бірнеше рет салық төлеушілермен салық міндеттемелерінің орындалмауы фактілері жайлы хаттар жіберілді, бұл жөнінде хронометраждық зерттеу нәтижелері куәландырады. Кәсіпкерлер палатасына, кәсіпкерлермен салық заңдылығының нормаларын сақтау жайлы түсіндірме жұмыстарын өткізуді ұсынамыз.

Онлайн кассалық бақылау машиналарынның енгізілуіне байланысты, салық органдарында салық төлеушілердің табыстарын, олардың кәсіпкерлік қызметіне араласпай-ақ көрсетуін қадағалау мүмкіндігі туындады.

Сонымен, 2019 жылдың өткен кезеңінің сараптамасы бойынша, 2144 салық төлеуші чектерді нөлдік көрсеткішпен шығарғаны анықталды. Бұл ретте ең көп үлес салмағы сауда саласындағы қызметке тиесілі - 45,8%, және басқа да қызметтер ұсыну саласына - 54,2%. Бұл, Көкшетау қаласының, Степногорск, Атбасар, Бурабай, Целиноград аудандары тәрізді үлкен аймақтардың кәсіпкерлері.

Бүгінгі күні, нұсқамалар негізінде, өз табыстарын төмендетіп көрсеткен және олардың нақты табысын анықтау мақсатында хронометраждық зерттеу жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Баяндалғанды ескере отырып, Ақмала облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасының конституциясының 35 бабына сәйкес, салық міндеттемелерін орындау әркімнің парызы мен міндеті болғандықтан, уақытылы орындауды ұсынады.