Жарияланған күні: 22.11.2016 17:47
Өзгертілген күні: 22.11.2016 17:48

Көкшетау қаласында Ақмола облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментінде ең үздік  салық төлеушілер мен ең үздік сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысы» салтанатты жиынының марапатталу рәсімі өтті.  Ақмола облысының  Мемлекеттік  кірістер департаментінің басшысының м.а. Бауыржан Шәйкенов  салтанатты жиынды ашты.  Ол  жеңімпаздарды табысты ынтымақтастыққа және аймақты дамытуға  елеулі үлес қосқандары үшін алғысын білдірді. Конкурс  Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің  бастамасымен өткізілді. Оның басты тапсырмасы адал салық төлеушілерді ынталандыру мен салықтық құқықтық санасын қалыптастыру болып табылады. Салықтар– бұл мемлекетті басқаруда азаматтардың қатысу түрі. Салықты дұрыс, әрі уақытында төлей отыра, салық төлеушілер, осылайша, қоғамдық қаржы ресурстарын қалыптастырады, қоғамдық байлықты құрайды, оның бәрін басқару мемлекеттік органдарға сенім білдірілген.  Конкурстың басты мақсаты – экономиканың әр түрлі салаларында сәтті жұмыс істейтін компаниялардың жеістіктерін атап өту, юизнесті таза, ашық және білікті жүргізуді көпшілікке тарату, Ақмола облысының экономикалық өсіміне тікелей әсер ететін және толық көлемде ұлттық экономика  элитасын құрайтын кәсіпорындардың қызметіне қоғамның назарын аудару.

 Номинанттарды таңдау салықтардың түсімі бойынша жеткен өсімдердің, салықтық ауыртпалықтардың деңгейін, төлем тәртібінің  орындалуы және салықтық пен кедендік заңнамалардың бөлігінде құқықтық бұзушылықтар болмау критерийлерінің негізінде  салық төлеушілердің санаттар бойынша жүзеге асырылды. Осылайша,  «Ең үздік салық төлеушісі» мен «Ең үздік ішкі экономикалық қызметтің қатысушысы» жыл сайынғы конкурсының жеңімпаздары ретінде Ақмола облысының  аумағында кәсіпкерлік қызметті  жүзеге асыратын, 17 салық төлеушілер төмендегідей номинациялар бойынша танылды.  

«Мониторингте тұрған, ең ірі салық төлеуші» номинациясында -  «Семізбай-U»  ЖШС,  

«Кен өндіруші» номинациясында – «RG Gold» ЖШС,

«Акциздер» номинациясында – «Ak Bars» ЖШС,

«Ең үздік Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысы (СЭҚ)» номинациясында – «Степногор құбыр зауыты «Арыстан»,

    «Ауыл шаруашылық өнімдерін  өндірушілер – заңды тұлғалар үшін арнайы салықтық тәртіп» номинациясында  жеңімпаз  «Агрофирма Родина»ЖШС,  

 «Салық салудың жалпы бекітілген тәртібі -  өндіріс» номинациясында – «Миллхауз»   ЖШС,

 «Салық салудың жалпы бекітілген тәртібі -  қызметтер» номинациясында –  «Ақбидай» ЖШС,

«Салық салудың жалпы бекітілген тәртібі – сауда» номинациясында – жеке кәсіпкер Оздоев Алисхан Курейшевич,

 «Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық тәртібі – өндіріс» номинациясында - «Кокшебыт» ЖШС,

«Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық тәртібі – қызметтер» номинациясында - «Кейс- KZ» ЖШС,

«Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық тәртібі – сауда» номинациясында - «Межбольничная аптека» ЖШС,

«Ауыл шаруашылық немесе фермерлік шаруашылықтар үшін арнайы салықтық тәртіп» номинациясында «Атай» ауыл шаруашылығы,

«Патент негізіндегі арнайы салықтық тәртіп- сауда»  номинациясында жеке кәсіпкер   Утебаева Алма Болатовна марапатталды,  

 «Патент негізіндегі арнайы салықтық тәртіп - қызметтер» номинациясында жеке кәсіпкер Моисеева Галина Ивановна жеңімпаз атанды.

Одан басқа, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына адал еңбегі үшін  Ақмола облысының  Мемлекеттік кірістер департаментімен "Агрофирма TNK» ЖШС , "Ижевский" ПК,  "Азия Агрохим" ЖШС дипломдар табысталды.

              Ең үздік салық төлеушілер атағын иеленулеріңізбен тағы да құттықтаймыз! Бизнестеріңіз жандана берсін, тұрақты болсын, ал барлық  бастамаларыңыз– тек сәтті болсын!успешными!