Жарияланған күні: 07.08.2019 10:14
Өзгертілген күні: 07.08.2019 10:16

Ағымдағы жылдың 16 шілдесінен бастап Қазақстанда жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық басталды. Салық төлеушілерге ол үшін ешбір ұйымға жүгінудің қажеті жоқ. Мемлекеттік кірістер қызметінің мамандары күнделікті мониторинг жасап, қарыздың негізгі бөлігін өтегенедердің өсімпұлын автоматты түрде алып тастап отырады. Егер салық бойынша өткен жылғы негізгі қарызын және өсімпұлды төлеген отандастарымыз болса, олардың өсімпұл үшін төлеген ақшалары қайтарлып беріледі. Ол үшін мемлекеттік кірістер басқармасына өтініш жазу керек.

Осы күні 55 мыңнан астам Ақмолалықтардың салықтық берешегі барын айтады. Қарыз көлемі шамамен 400 млн теңгеге жеткен. Оның үштен бір бөлігі айыппұл мен өсімпұл. Салық берешегінің 70 пайызы көлік құралының салығы болып табылады.

Сөзінше, салық бойынша негізгі қарызын өтегендердің айыппұлы мен өсімпұлы алынып тасталады. Сонда олар таза қарыздарын ғана өтейді, ал мемлекет тарапынан салынған айыппұлдар бірден жойылады.

Бұл тақырып бойынша Сіз http://kokshetautv.kz/ru/archive/programs/programs_social_economic/aleumet-kokshetau/993252  және

http://kokshetautv.kz/ru/archive/programs/programs_informal_analetik/Mezgil_kokshe/990409 сілтемелер бойынша бейне материалдар көре аласыз.